Толық циклді өнеркәсіптік аккумуляторларды шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Зауыттың елімізде баламасы жоқ. Оның бірегейлігі мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі, телекоммуникация, энергетика, теміржол салаларын қоса алғанда, әртүрлі салаларда кеңінен қолданылатын, сондай-ақ жасыл энергияда үздіксіз энергия көзі ретіндегі толық циклді өнеркәсіптік аккумуляторларды шығаратын болады.
Жобаға 3 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 180 жаңа жұмыс орны ашылды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 260 млн теңгеге инженерлік желілер тартылды. Жалпы өндіріс көлемі жылына 210 мың аккумуляторды құрайды, өнімнің 50 түрі мен көлемі енгізілген. Зауытта соңғы үлгідегі желдету жүйелері орнатылған және қоршаған ортаға эмиссиялар іс жүзінде болмайды. «Asma Industrial» ЖШС жоғары технологиялық электротехникалық өнімдерді – AGM, 12V және OPzS OpzV, 2V қорғасын-қышқылды өнеркәсіптік аккумуляторларды өндіруге маманданған. Болашақта өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай технологиялық процесті автоматтандыру, қазіргі уақытта сатып алынатын полимерлі компоненттер өндірісін ұйымдастыру, литий-иондық аккумуляторларды шағын жинақтау өндірісі жүзеге асырылады. Соңғы өндірісте ресейлік компания өнімдерді одан әрі сатуға көмектесуге дайын, онымен ынтымақтастық жаңа жылдың басынан басталады. Отандық компаниялармен келісім-шарттар жасау да пысықталуда. Өнімнің 40 пайызын ішкі нарыққа, 60 пайызын экспортқа жеткізу жоспарлануда