Қазақстанда заңды тұлғаны қалай тіркеуге болады?
Қазақстанда заңды тұлғаны тіркеу eGov.kz онлайн-платформасы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
1. Заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын айқындау
Компания қызметінің қай құқықтық нысанда жүзеге асырылатынын анықтау қажет. Инвестор өз қызметінің тиімділігіне байланысты коммерциялық заңды тұлға ретінде – шаруашылық серіктестік немесе филиал нысанын таңдауға құқылы.
Ең кең таралған түрлері:
- ЖШС (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік) – шағын және орта бизнес үшін ең танымал нұсқа.
- АҚ (Акционерлік қоғам) – акция шығару арқылы жүзеге асырылатын ірі жобалар үшін.
- Қор, қауымдастық, кооператив – коммерциялық емес қызмет түрлері үшін.
2. Атауды таңдау
Компанияның атауын eGov.kz порталы арқылы тексеруге болады.
3. Заңды мекенжайды айқындау
Заңды мекенжай – бұл компанияның орналасқан жері (кеңсе, қойма, өндірістік нысан). Келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Меншік құқығын немесе жалға алу құқығын растайтын құжат (егер нысан меншікке жатпаса, жалға алу туралы нотариалды куәландырылған шарт);
- Бөгде мекенжай бойынша тіркелген жағдайда – меншік иесінің келісімі.
4. Жарғылық капиталды қалыптастыру
- ЖШС үшін – кемінде 100 АЕК (2025 жылы шамамен 400 мың теңге);
- АҚ үшін – кемінде 50 000 АЕК (2025 жылы шамамен 196 млн теңге).
5. Құжаттарды жинау және тапсыру
Стандартты құжаттар топтамасына мыналар кіреді:
- Өтініш (eGov порталы арқылы ресімделеді);
- Мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат (ірі кәсіпкерлік субъектілері мен АҚ үшін);
- Компанияны құру туралы шешім (немесе құрылтайшылар жиналысының хаттамасы);
- Жарғы (ірі кәсіпкерлік субъектілері мен АҚ үшін);
- Заңды мекенжайды растайтын құжат.
Шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларды тіркеу кезінде қосымша қажет:
- Шетелдік заңды тұлға құрылтайшының өз елінің заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылатынын растайтын заңдастырылған сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өзге заңдастырылған құжаттың көшірмесі, қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге;
- Шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорт немесе басқа құжат) көшірмесі, қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес коммерциялық ұйымды тіркеуге құқық беретін құжат;
- Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжат («Бизнес-иммигрант» визасы немесе уақытша тұруға рұқсат).
6. Заңды тұлғаларды тіркеу үшін алым
Шағын және орта бизнес субъектілерінің заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерін есепке қою тегін жүргізіледі. Ірі бизнес субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу алымы 9 885,38 теңге (ҚҚС-ты есептемегенде) құрайды.
7. Тіркеу eGov арқылы немесе ХҚКО
- Онлайн (eGov.kz) – бір құрылтайшысы бар ЖШС үшін қолайлы, 1 жұмыс күнін алады.
- ХҚКО арқылы – бірнеше құрылтайшы немесе күрделі меншік нысандары болған жағдайда қажет, 5 жұмыс күніне дейін уақыт алады.
8. БИН (Бизнес-идентификациялық нөмір) алу
Компания тіркелгеннен кейін БИН автоматты түрде беріледі.
9. Банк есепшотын ашу
Есепшот ашу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: жарғы, тіркеу куәлігі, директордың паспорты.
10. Салық органдарында тіркеу
- Салық режимін таңдау (жалпы, жеңілдетілген, бірыңғай жер салығы);
- Жылдық айналымы 20 000 АЕК-тен (2025 жылы шамамен 79 млн теңге) асқан жағдайда, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу (Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 82-бабы, 4-тармағы).
11. Қызметкерлерді қабылдау
- Еңбек шарттарын жасау;
- ЕНПФ және Әлеуметтік сақтандыру қорында тіркеу.