Қазақстанда Иран, ҚХР және Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз кіру тәртібі енгізілді

Қазақстанда Иран, ҚХР және Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз кіру тәртібі енгізілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 шілдедегі 7 шілдедегі № 464 қаулысымен қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастырып, іскерлік байланыстарды жандандыру және елдің туристік әлеуетін одан әрі жүзеге асыру мақсатында Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін визасыз кіру тәртібі енгізілді.

Осы шешім аталған шет елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында күнтізбелік 14 күнге дейін, 180 күнтізбелік күнді қамтитын әрбір кезең ішінде жалпы алғанда 42 күнге дейін визасыз болуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, сонымен қатар, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 57 шет мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстанға визасыз кіру тәртібі қайта қалпына келтірілгенін естеріңізге саламыз.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге