Медиа орталық

Достық стансысында жүк тиеу терминалдары салынады

Достық стансысында жүк тиеу терминалдары салынады

Жетісу облысының көлік-логистика саласына ірі инвесторлар тартылуда. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетін дамытуға зор серпін береді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистер үшін брифинг өткізген Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев осылай деді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Журналистер алдында баяндама жасаған облыс әкімінің айтуынша, Достық стансысында құны 12 млрд. теңге, қуаты 150 мың контейнерлік «ЕТТ Dostyk» ЖШС-ның мультимодалды көлік-логистикалық орталығы салынды. Тағы екі - «Dostyk TransTerminal» және «DAR RAIL Infrastructure» көп функционалды жүк тиеу терминалы перспективалы жобаларын жүзеге асыру жоспарланған, - деді Б. Исабаев.

Сондай-ақ ол «Достық-Мойынты» темір жолының екінші желісі салынып  жатқанын айтты. Спикердің сөзіне сүйенсек, осы темір жол тармағының 836 шақырымының 451 шақырымы Жетісу облысының аумағынан өтеді. Осы жоба негізінде өңір экономикасына қосымша 293 млрд. теңге инвестиция тартылады, 2 мың жаңа жұмыс орны ашылып, онда жергілікті тұрғындарға басымдық беріледі. Бұл ретте негізінен өңір кәсіпорындарының өнімдері пайдаланатын болады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Жетісу облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге