Медиа орталық

Ірі француз компаниялары Қазақстанға инвестицияны белсенді салуға ниетті

Ірі француз компаниялары Қазақстанға инвестицияны белсенді салуға ниетті

Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің, Францияның Қазақстандағы Елшілігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және MEDEF кәсіпкерлер қауымдастығының қолдауымен француз делегациясының Астана қаласына сапары өтті. Оның құрамына: Airbus, Alstom, Air Liquide, Assystem, Exa, Idemia, EDF, Vicat, Meridiam, Orano Mining, Oberthur Technologies, Veolia, Thales, Voltalia және басқа компаниялар кірді.

DSC_0843.jpg

Бірінші кезекте француздық бизнес-қоғамдастықпен кездесуді еліміздің инвестициялық блогы басшылары өткізді. ҚР СІМ Инвестиция комитеті мен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясынан басқа кездесулер ҚР ЭМ, ҚР СИМ, ҚР ЭТРМ, ҚР ЦДИАӨМ, ҚР АШМ, ҚР ҰБ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және басқа да қазақстандық команиялармен ұйымдастырылды.

Жоғарыда аталған компаниялардың көпшілігі біздің еліміздегі энергетика, мұнай-газ химиясы, машина жасау, авиация өнеркәсібі, цемент және құрылыс материалдары өндірісі сияқты экономиканың басым секторларына салынған инвестициялар көлемін ұлғайта отырып, Қазақстанға қайта инвестициялауда. Атом, газ өнеркәсібі және энергетика секторында жұмыс істейтін француз компаниялары да өндірістерін оқшаулауға мүдделі.

ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, инвестициялық жобаларды іске асыруда қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

DSC_0855.jpg

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов француздық компаниялардың өкілдеріне Қазақстанға көрсеткен қызығушылықтары үшін алғыс айтып, аталмыш компаниялардың инвестициялық ұсыныстарын өңірлік деңгейде қолдауды қоса алғанда, қолдау құралдарының кең спектрін қолдана отырып қарауға дайын екенін атап өтті.

Француз бизнес-қоғамдастығының ағымдағы сапары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 29-30 қарашада Францияға ресми сапары шеңберінде қаралған инвестициялық жобалар мен ұсыныстардың уағдаластықтарын іске асырудың жалғасы болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстанда 170-тен астам француз компаниясы табысты жұмыс істеуде.

Франция Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен ФР арасындағы өзара сауда көлемі пандемияға дейінгі көрсеткішке жетіп, $4 млрд құрады, өткен жылмен салыстырғанда 35,3% - ға өсті (экспорт РК – $3,1 млрд, импорт – $0,9 млрд). 2021 жылы тауар айналымының көлемі $3,1 млрд құрады.

Франция маңызды сауда-экономикалық және саяси серіктестердің бірі және 2005 жылдан бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция салып Қазақстандағы ең ірі бес инвестордың бірі болып табылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге