Медиа орталық

"Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы" жобасының құрылыс жұмыстары басталды

"Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы" жобасының құрылыс жұмыстары басталды

«Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» ЖШС жобасы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында қазу жұмыстарын бастады. Кәсіпорын 200 гектар аумақта құрылыстың бірінші кезеңін жүргізуде, оның ішінде инженерлік желілер мен магистральдық көшенің құрылысы да бар.

Сондай-ақ 2023 жылдың қарашасынан инвесторлар  құрылыстың бірінші кезегінде АЭА аумағынан тыс әкімшілік ғимараттар мен қонақ үй нысандарының құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Жобаның мақсаты - индустриалды парк салу, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да өндірістік және логистикалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Жобаның құны 330 млрд теңге. Жақын елді мекен тұрғындары үшін 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА баспасөз қызметі

Дереккөз: Жетісу облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге