Медиа орталық

Өткен он айда Жетісу облысының экономикалық өсімі 112,9% жетті

Өткен он айда Жетісу облысының экономикалық өсімі 112,9% жетті

Биылғы жылдың 10 айында Жетісу облысында экономиканың өсу қарқыны 112,9% құрады. Бұл - республикада ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында брифингіге қатысқан Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Өткен он айда салалардың ішінде, әсіресе, құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 есе ұлғайды, тұрғын үйді пайдалануға беру – 22,6%, сауда 1,6 есе өсті. Жыл басынан бері облыс экономикасына 20% өсіммен 240,7 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 143,4 млрд. теңге, - деп атап өтті облыс әкімі.

Баяндамада айтылғандай, Жетісу облысында мемлекеттік бюджетке түсімдер 241 млрд. теңгені құрады, республикалық бюджетке 180 млрд. теңге түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе көп, жергілікті бюджетке түсімдер 25% өсіп, 60 млрд. теңгені құраған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Жетісу облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге