Инвестицияларды тарту – ұлттық экономиканың өсуінің негізгі факторы.
Осы тұрғыда бизнес үшін барынша қолайлы инвестициялық ахуал құру Қазақстан мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Осы мақсатта Қазақстан Үкіметі инвесторлар үшін қажетті жағдайларды жасауды жалғастыруда, оның ішінде инвестицияларды қолдау құралдарын жетілдіруде.
Инвесторларға салықтық жеңілдіктер, кедендік баждардан босату, натуралды гранттар беру, шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы, кепілдендірілген тапсырыспен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жүргізу және басқа да түрлі преференциялар ұсынылады.
Инвестициялық заңнаманы жетілдіру және институционалдық ортаны дамыту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Инвесторлардың өзекті мәселелерін шешу үшін Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб жұмыс істейді.
Сонымен қатар, инвестицияларды тарту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі – процестерді цифрландыру.
Осы мақсатта барлық мемлекеттік органдарды инвестициялық жобаларды тарту, іске асыру және мониторинг жүргізу бойынша бірыңғай онлайн жүйеге біріктіретін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды.
Платформа мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдармен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, олардың уақытылы іске қосылуын қамтамасыз етеді.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде инвесторлар Қазақстан мемлекеттік жүйесінің толық қолдауына сене алады.
Үкімет аппараты, өңірлердің әкімдіктері, министрліктер және шетелдік өкілдіктер кез келген туындаған мәселелерді жедел шешуге қажетті қолдау көрсетуге дайын.
Біз инвесторларды барлық кезеңдерде бюрократиялық кедергілерсіз сүйемелдейтін ашық және ыңғайлы жүйе құруға ұмтыламыз.
Қазақстан экономикасына белсенді инвестиция салуға шақырамыз!