Медиа орталық

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен өңдеу бағытында жаңа жобалар қолға алынады

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен өңдеу бағытында жаңа жобалар қолға алынады

Жетісу облысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру үшін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу мен қалпына келтіру бағытында құны 3,5 млрд. теңге болатын 4 жоба іске асырылуда. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкіметтің селектор жиынында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу туралы туралы тақырыпқа қатысты баяндама жасаған Жетісу облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ә. Жақанбаевтың айтуынша, жыл сайын облыста 220 мың тонна қатты қалдықтар түзіледі. Өңірде қалдықтарға арналған 182 уақытша сақтау орны және 7 полигон бар. Тұрмыстық қалдықтарды жинау мен тасымалдауды 22 ұйым  іске асырады. Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және өңдеумен жалпы қуаттылығы жылына 48,3 мың тоннаны құрайтын 8 кәсіпорын айналысады.

- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында полигондарды салу және қалпына келтіру, яғни рекультивация бойынша құны 3,5 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.  Соның нәтижесінде Текелі қаласының жабық ескі полигонын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жаңа кешенді алаң ашылады, сондай-ақ Үшарал және Сарқан қалаларында 2 жаңа полигон салынады. Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында Талдықорған кешенді алаңын құру жоспарлануда, оған жақын орналасқан Текелі қаласы, Ескелді және Көксу аудандары кіретін болады. Соның нәтижесінде Талдықорған қаласының полигонында қалдықтарды жинақтау жылына  60 мыңнан 110 мың тоннаға дейін ұлғаяды, - деді Ә. Жақанбаев.  

Қазіргі уақытта «Жасыл Даму» АҚ-ға қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жалпы несиелеу сомасы  6 млрд. теңгеге 11 инфрақұрылымдық жоба бойынша өтінімдер берілген. Жобаларда дайын өнім шығару, қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеу көзделген. Соның ішінде, Талдықорған қаласындағы «Жаңа Сана» ЖШС-ның 5 млрд.теңге сомасына жасалған коммуналдық қалдықтарды басқару жобасы ірі инвестициялық өтінім болып отыр, онда жылына 150 мың тонна қалдықтарды тасымалдау және сұрыптау көзделеді.

Облыс әкімінің орынбасарысының айтуынша, аталған жобаларды іске асыру қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 14%-дан 34%-ға дейін ұлғайтуға, кездейсоқ қоқыс үйінділерінің санын азайтуға және 240 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Дереккөз: Жетісу облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге