Жетісу облысында қуаты 1 ГВт ЖЭК объектілері салынады

Жетісу облысында қуаты 1 ГВт ЖЭК объектілері салынады

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау барысында 2023 жылдың 1 наурызында Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Самұрық – Қазына» АҚ және ACWA Power компаниясы арасында қуаты 1 ГВт болатын ЖЭК ауқымды жобасын іске асыруға бағытталған қағидаттар туралы келісімге қол қойылды.

Қол қойылған құжат Жетісу облысындағы Жоңғар қақпасында жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станциясын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған. Құрылыстың басталуы 2025 жылға жоспарланған.

7ab5cfb341b64d4fc72398b02c3eeb0c_1280x720.jpeg

Бұл жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, қосымша инвестициялар тартуға, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

8fz1aaaod1r6h955qgouxht13cafi3nu.jpg

Айта кетейік, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Сауд Арабиясы компаниясымен келіссөздер жүргізіп келеді. 2022 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде ACWA Power компаниясының басшылығы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен болатын.

Анықтама:

ACWA Power – 12 елде жұмыс істейтін инвестор. 68 салынып жатқан немесе болашағы бар электр станциялары мен суды тұщыландыру станцияларының операторы. Компанияда 3900-ден астам адам жұмыс істейді. 68,4 миллиард инвестициялық құны бар ACWA power портфелінде 44,4 ГВт электр энергиясын өндіре алатын және тәулігіне 6,4 миллион м3 тұзсыздандырылған су өндіре алатын объектілер бар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге